Аймақтар • 27 Маусым, 2019

Арыс 17 секторға бөлініп жөнделеді

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс қаласындағы жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жіті назарында.

Арыс 17 секторға бөлініп жөнделеді

Өңір басшысы шаһар шартты түрде 17 секторға бөлінетіндігін мәлімдеді. Яғни әрбір секторға 17 аудан-қала әкімі бекітілді. Олардың әрқайсысының жанында 40 жауапты қызметкерден болады. Сол жауаптылар аптаның соңында тұрғындар қалаға кіргенде үйлеріне орналастырады. Сонымен қатар әрбір баспананың зақымдануын фото-видеоға түсіріп, актілер жасаумен айналысады.

«17 сектор 17 облыс әкімдіктеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөліп берілді. Әрбір облыстан 10 бригададан, жалпы саны 1500-ден астам құрылысшылар келіп, жөндеуді бастайды. Облыстың өкілдері келіп, бекітілген секторларды аралап, тиісті жұмыстарға кірісті» деді Түркістан облысының әкім Өмірзақ Естайұлы.

Ал қорғаныс саласының мамандарына берілген міндет бойынша қаланы сенбіге дейін жарылғыш оқ-дәрілерден толықтай тазартып шығуы керек.