Аймақтар • 28 Маусым, 2019

Батыс Қазақстан журналистері марапатталды

721 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі журналистер қауымын қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.

Батыс Қазақстан журналистері марапатталды

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

Өңір басшысы Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен дербес мерекеге айналғанын, демократия жолына бет алған қоғамда журналистердің орны ерекше екенін атап өтті. Батыс Қазақстан облысы аумағында қызмет етіп жатқан 74 БАҚ нысаны болса, олардың әрқайсысы халық пен билік арасын жалғап, жедел ақпарат таратып, көпшіліктің алғысын алып жүр.

Бұл күні Батыс Қазақстан облыстық «Aqjayiq» телеарнасының директоры Асыланбек Ғұбашев пен «Жайық Пресс» медиахолдингінің басшысы Рауан Сәбитов еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды.

Ал ұзақ жыл журналистика саласында абыройлы еңбек еткен ардагер тілші, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Айтқали Нәріков «Қазақстанның құрметті журналисі» атанды.

Сондай-ақ бұл күні өңірдегі журналистика саласын дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар тілші-журналист Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты мен арнайы сыйақыға ие болды.