Саясат • 29 Маусым, 2019

Түркия Президенті көңіл айту жеделхатын жолдады

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның көңіл айту жеделхаты келіп түсті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі xабарлады.

Түркия Президенті көңіл айту жеделхатын жолдады

«Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан адамдардың зардап шеккендері туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының ауыр қайғысына ортақ екенімізді білдіремін. Түрік халқының және жеке өзімнің атымнан қымбатты бауырым Сізге, бауырлас қазақ халқына,  қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Түркия Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.