Саясат • 29 Маусым, 2019

Елбасы «Nur Otan» партиясының орталық аппаратына барды

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясы Төрағасының жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасының баспасөз қызметі xабарлады.

Елбасы «Nur Otan» партиясының орталық аппаратына барды

Нұрсұлтан Назарбаев партияның алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Бауыржан Байбектің тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті.    

– Бауыржан Байбек «Болашақ» бағдарламасының түлегі, дипломатиялық қызметте және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. Ол бұған дейін партия Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. Бауыржан Байбектің Алматы қаласының әкімі лауазымындағы жұмысына оң баға беруге болады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбектің партияны және бүкіл мемлекетімізді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәулен Әшімбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне табыс тіледі.

– Мәулен Әшімбаев партия басшылығында болған кезеңде екі съезд өткізіп, Президент сайлауына қатыстық. Осының бәрі партиямыз үшін зор сынақ болды. Ол табысты жұмыс істеді деп ойлаймын. «Nur Otan» – еліміздің басты саяси күші. Алдымызда партияның қоғамдағы беделін одан әрі арттыру міндеті тұр, – деді Елбасы.

Соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясының қызметі бүкіл елімізді дамытуға бағытталуға тиіс екендігін атап өтті.