Оқиға орнына барлық құзырлы органдардың басшылары мен аудан прокуроры барды. Жедел арада облыс әкімі, ПД, ҰҚҚД басшылығы, облыс прокуроры да Теңіз қалашығында болды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов Сonsolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore компаниясының жұмысшыларымен тұрмыстық кикілжіңді ушықтырмау жөнінде әңгімелесті. Кездесу барысында кен орнында еңбекті ұйымдастыру мәселесі де талқыланды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиғаны зерделеу мақсатында ведомствоаралық комиссия құрылған. Комиссия құрамында мемлекеттік органдармен бірге компания және ТШО өкілдері бар.
ТШО медбөлімшесінде оқиға кезінде зардап шеккен 30 адамға медициналық көмек көрсетілді. Қаза болғандар жоқ. Қазір жұмысшылар тарады, жағдай қалыпты.