Руханият • 02 Шілде, 2019

Қажырлы еңбегі –­ қазақ игілігіне

519 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ елінің тарихы мен оның құндылықтары, оларды жаңаша жаңғырту мен жаңарту туралы айтылған. Әр халықтың тарихы өзінше құнды. Тарих әрқашанда ұлы есім­дермен байланысып, солар­дың құжаттарынан көрініс таба­тын­дықтан Қазақстан Респуб­ли­касы Ұлттық архиві де жеке қорларды жасақтаумен айналысып келеді. Бұл ретте біз архив саласына қажырлы еңбе­гі сіңген қайраткер, өмір жо­лын­­­да еңбексүйгіштігімен, бел­сен­ділігімен ерекшеленіп, әріп­тестерінің ыстық ықыласына бө­ленген зиялы тұлға Рысты Халесқызы Сариева есіміне ерекше тоқталамыз.

Қажырлы еңбегі –­ қазақ игілігіне

Бүгінгі Батыс Қазақ­стан облы­сының Бөкей Ордасы елі­мізге ежелден ерекше құтты қоныс болып есеп­теледі. Болмы­сынан білімге құш­тар болып өскен Рысты Халесқызы осынау өңірде 1949 жы­лы дүниеге келген. Жал­пы, тарихты танып-білуге ту­ма таланттан бөлек қажырлы еңбек пен тапталмас талап қажет. Біз­дің кейіпкеріміз осы тұрғыда қ­а­зақ тарихын құжат арқылы зерде­леу­де үлкен еңбек еткен адам. Іргелі мектептердің есігін аша жү­ріп, білімі мен тәжірибесін қатар ұштайды. Ең алдымен ол 1970 жылы А.Пушкин атындағы Орал мем­лекеттік педа­го­ги­ка­лық институтының физика-математика фа­культетін тәмамдап, Орал облысы Жәнібек орта мектебіне ма­мандығы бойынша математика пә­нінің мұғалімі болып орналасады. Жас маманның іскерлігі мен белсенділігі байқалып, екі жылдан соң Орал облысы Жәні­бек аудандық комсомол коми­те­тінің хатшысы болып сайланады.

Ізденімпаз, жаңа­лық­тың жаршысы бола білген білікті маман 1980-1982 жылдары Алматы Жо­ғары партия мектебінде оқи­ды. Иә, айта берсек, Рысты Халес­қы­­зының өмір жолы жас буын­ға үздік үлгі, парасат пайымы баршаға тағылымды өнеге.

Қазақта «Тарихыңды білме­сең келешегіңді болжай алмай­сың» деген нақыл сөз бар. Сол тарих архив қойнауында жат­­қандықтан, тәуелсіздікке қолы­мыз жетіп, тәй-тәй басқан тұста егеменді еліміздің архив саласына елеулі өзгерістер енгі­зіп, жандандыру Р.Сариеваға тап­­сырылып, 1997 жылы Үкі­мет­тің қаулысы бойынша елі­міз­дегі Орталық мемлекеттік мұрағатына директор болып тағайындалды.

Дәл осы жерде Р.Сариеваның сонау аз уақыт ішінде архив төңіре­гіндегі мәселелерді мең­ге­ре отырып, еліміздің тари­хын­дағы алғашқы 1998 жыл­дың 22 желтоқсанындағы «Ұлт­тық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабыл­да­нуына зор үлес қосқанын ай­та кеткеніміз жөн. Алғаш рет ар­хив ісінің мемлекет­тегі орны мен атқаратын рөлі заңды түрде анықта­лып, оның құзырының шеңбері, қызмет ету және бас­­қа салалармен қатынасы тұжырым­далды.

Осы кезеңде заңнан тыс архив ісі бойынша 70-тен астам нор­мативтік-құқықтық құжат дайындалды. Р.Сариеваның бас­қаруы мемлекеттік архивтер жүйе­сін сақтап қана қоймай, жаңа ғимараттар ашылуына сеп­тігін тигізеді.

Осыдан біраз жыл бұрын елор­дамызда 1 млн сақтау бір­лігіне арналған Ұлттық архивтің құрылысы жүргізіліп, Үкіметтің 2004 жылғы 21 сәуірдегі №445 қаулысымен 5 республикалық мемлекеттік архив мекемесіне жеке заңды тұлға мәртебесін беріл­ген оқиғада да біздің кейіп­кердің есепсіз еңбегі бар.

Рысты Сариева бұдан бө­лек бір­неше кітаптың авторы еке­нін айта кеткеніміз жөн. Оның ішінде маман­дарды дайындауға оқу құралы ретінде қолданылып жүрген «Очерки по истории орга­низации архивного дела в Казахстане» (1918-1945); «Де­ло­производство и архивное дело» терми­нологиялық сөз­дігі; Мұрағат ісі саласындағы нор­мативтік-құ­қықтық актілер мен ғылыми-әдіс­темелік құжат­тар жинағы (2001-2009 жж.), сон­дай-ақ тарих пен деректану мәселелері жөнінде 110-нан ас­там ғылыми мақаласы бүгінде ел игілігіне еркін жарап отыр.

Рысты Халесқызының тіке­лей басшылығымен Үкімет қаулысымен бекітілген «2001-2005 жыл­дарға арналған Қазақ­стан Республикасындағы ар­­хив­ ісінің дамуының тұжырым­да­ма­сы және бағдарламасы» да­йын­далып, халықаралық қатынас орны­ғып респуб­лика үшін ғылыми, мә­де­ни-тарихи маңызы бар шетел мем­лекеттерінің ғылыми меке­мелері мен архивтерінен XV-XX ғасыр­лардағы Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды іздеу мен алу бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. 2005 жылы «Қазақстан ар­хивтері» атты ақпараттық және ғы­­лыми-тәжірибелік журналды шы­­ғаруға тікелей атсалысты, қа­зір­гі таңда аталған журнал архив сала­сының қызметкерлеріне әдіс­темелік-тәжірибелік журнал болды. Сондай-ақ жұмыс тәжірибесінде ғылыми-әдістемелік құралдармен алмасу, тарихи-мәдени құжаттық мұ­раны сақтау мәселелері бойынша дүниежүзілік мәселелер мен міндеттерді шешу үшін халықаралық тәжі­рибеде қолданылатын қазіргі заман талабына сай ақпарат­тық технология енгізді.         

Р.Сариеваның Исландия (2001),­ Франция (2002), Аустрия (2004), Қытай (2005) елдеріндегі Бас Ас­самблея отырыстарына, халық­аралық мұрағаттар кеңесінің конференцияларына қатысуы нормативтік-құқықтық, ғылыми-әдістемелік базаларын құру мәселелері бойынша және мұрағат ісі жөнінде мекемені материалдық-техникалық базамен жетілдіру, жаңа ақпараттық технологияны енгізу, халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасы және оның астанасының жетістіктері туралы наси­хат­тауы мемлекетіміздің мәртебесін көтеруге үлес қосты.

2001-2008 жылдар аралығында Р.Сариева екі мәрте Халықаралық мұрағаттар кеңесінің Еуразия­лық аймақтық бөлімі төрағасының орынбасары болып сайланды. Со­ның нәтижесінде еліміздің астана­сында қабылданған құжаттар еура­зиялық ұғымның қалыптасуына, әріп­тестіктің нығаюына, ТМД ел­дерінің қатысушы архивтер қыз­меттері арасында тиімді ынты­мақ­тастықтың қалыптасуының се­німді негізіне айналды.

Түйіп айтқанда, Рысты Халес­қызының мем­лекет­тік басқару органдарында көп жылғы және мүлтіксіз атқарған еңбегі архив саласына ай­рық­­ша серпіліс әкелді деуге толық негіз бар. Қа­жыр­­лы еңбегі сіңген қайраткер, өз ісіне деген сүйіс­пен­шілігі арқылы парасатты рухы биік ізба­сар­ларын тәрбиелеу жолында да дарынды ұйым­дастырушы болып тынбай еңбек етіп келеді.

 

Асия КЕРІМТАЕВА,

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің жеке тектік құжаттармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы