ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бойынша стратегиясының жалғасы болып табылатын әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.
ҚР Үкіметінің отырысы кезінде 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке және 2017 – 2021 жылдарға арналған, шағын несиелендіру құралдарын кеңейтуге, гранттар бөлуге, қысқа мерзімді оқытуға және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобалары қабылданды. Жұмыссыздарды өнімді жұмыспен қамтуға тартудың маңыздылығын ескере отырып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тетіктерін кеңейтуге қосымша 50 млрд теңге қаралады.
«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру - ҚР Үкіметінің жұмысының негізгі бағыты», – деді Асқар Мамин. Министрлер кабинетінің бірінші кезектегі міндеті - әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бірден кірісу, оларды уақытылы орындау үшін барлық ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шараларды шұғыл жүргізу. Бұл азаматтардың материалдық әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
ҚР Үкіметінің басшысы мемлекеттік органдарға бір апта ішінде азаматтардың борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдалану тетіктерін айқындауды, азаматтардың кепілсіз тұтынушылық несиелері бойынша жинақталға айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруды тапсырды.
Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдарды іздеу мен бос жұмыс орындарын толтырудың белсенді форматына көшу арқылы Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын жетілдіруді тапсырды.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету бағыты бойынша мемлекеттік органдарға жұмыс істейтін жастар арасында тұрғын үй бөлу тетігін бекітуді аяқтауды және тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті несиелер беру тетігін іске қосуды жеделдету тапсырылды.
«1 қыркүйектен бастап тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға 5 мың нысаналы білім гранты қосымша бөлінеді, жұмысшы мамандықтарының стипендиясы 30 пайызға артады», - деді Асқар Мамин және осы гранттарды беруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Барлық өңірлердің әкімдеріне бүкіл нормативтік рәсімдерді қатаң сақтау, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мониторинг жүргізу тапсырылды.
Тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамту шараларымен қамтуды арттыру үшін ҚР Премьер-Министріне Атырау, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе және Түркістан облыстарының оң тәжірибесін ескерумен тұрғындардың табысын арттыру үшін өңірлердің скринингін іске асыру жоспарын және әдістемесін әзірлеу тапсырылды. Скрининг базасында кәсіпкерлер мен үй шаруасындағы әйелдерге сауалнама жүргізу қамтамасыз етіледі.
«Қабылданып жатқан шаралар ең алдымен нақты мұқтаж азаматтарды қолдауға, оның ішінде жастарды қолдауға, сондай-ақ адамдарды жұмыспен қамтуға бағытталған, — деді ҚР Премьер-Министрі. — Біздің азаматтарымыздың проблемаларын шешу көп жағдайда үйлесімді жұмысқа байланысты».