Фото: Oqu-agartu ministrligi
Министрліктің мәліметінше, 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр – 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2 маусым – 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша форматта өткізіледі.
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 17-18 маусым аралығында өтеді.
«Аттестат тапсыру іс-шарасы мектеп басшысының бұйрығы негізінде, ата-аналар комитетімен келісу арқылы мектеп ғимаратында өткізіледі», делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілгені туралы хабарлағанбыз.