Аймақтар • 02 Шілде, 2019

Агрокарта бойынша жұмыстар жүріп жатыр

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Маржан Өмірбаева Агрокарта аясында облыстың ауыл шаруашылығы саласында бірқатар ірі жобалар іске асырылғандығын айтты.

Агрокарта бойынша жұмыстар жүріп жатыр

«Бүгінгі күні облыста егін егу жұмыстары толығымен аяқталды. Аудандардан алынған мәлімет бойынша ағымдағы жылы барлығы 183,8 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасып, межеден 5,2 мың гектарға артық орындалды. Агрокарта бойынша 2019 жылы облыста егілген майлы дақылдар көлемі 7 мың гектарды, мал азықтық дақылдар көлемі 62,7 мың гектарды құрап, тиісінше, соңғы 5 жылда майлы дақылдар 6 мың гектарға және мал азықтық 10,3 мың гектарға артып отыр»,-деді М. Ахатқызы.

Алайда, жылыжайлар бойынша күрделі мәселелер бар екен. Облыс бойынша жалпы көлемі 10,5 га құрайтын барлығы 164 жылыжай бар. Қолда бар жылыжайлардың 90-ы нақты жұмыс жасап тұрса, 74 жылыжайдың жұмысы мүлде тоқтап тұр. Осыған орай, Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда жылыжай шаруашылығын дамыту жөнінде арнайы іс-шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізіліп, үстіміздегі жылы жаңадан қолға алынған және жұмысы тоқтап тұрған жалпы көлемі 6,395 га болатын 43 жылыжайды іске қосу жоспарланып отыр.

Қызылорда облысы