Президент • 02 Шілде, 2019

Мемлекет басшысы ҚР Конституциялық Кеңес төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы ҚР Конституциялық Кеңес төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Мемлекет басшысына биылғы бірінші жартыжылдықтағы елдегі Конституциялық заңдылықтардың сақталуын бақылау жөнінде мәлімет берілді. Кеңес төрағасының айтуынша, ел аумағындағы барлық іс-шаралар Конституцияға сәйкес өткізілген.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Мәмиге Конституциямыздың толық әлеуетін әлі де кеңірек қолдануға, азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауды назарда ұстауға тапсырма берді.