25 Сәуір, 2013

Жауапсыздыққа ұрынғандар жазасыз қалмайды

324 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жауапсыздыққа ұрынғандар жазасыз қалмайды

Бейсенбі, 25 сәуір 2013 2:33

Қазір елімізде болып жатқан жол-көлік оқиғаларында есеп жоқ. Олардың бәзбіреулері туралы естігенде төбе шашың тік тұрады. Бұлардың көпшілігінде жүргізушілердің жауапсыздығынан қаншама адам өлімге ұшырап жатады.

Мына оқиға да солардың бірі жайлы дерек білдіреді.

 

Бейсенбі, 25 сәуір 2013 2:33

Қазір елімізде болып жатқан жол-көлік оқиғаларында есеп жоқ. Олардың бәзбіреулері туралы естігенде төбе шашың тік тұрады. Бұлардың көпшілігінде жүргізушілердің жауапсыздығынан қаншама адам өлімге ұшырап жатады.

Мына оқиға да солардың бірі жайлы дерек білдіреді.

Бұл оқиға өткен жылғы қыркүйектің 30-ы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.30 шамасында орын алды. Осы сәтте облыстың Жаңақорған ауданы аумағындағы тас жолдың бойымен құйғытып келе жатқан жүргізуші Нұрлан Әбдіраманов кенет өзінің бас­қаруын­дағы «Nissan Murano» көлі­гінің тізгініне ие бола алмай,  жол жиегінен асып аунап түсті.

Ең қайғылысы сол, көлік аударылған кезде оның салонында отырған Индира Әбиева және Нұрбина Еспенбетова есімді екі жолаушы бірден тіл тартпай кетті. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ алдын ала тергеу барысында жәбірленуші мен сезіктінің толық келісімге келулеріне орай қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.

Әйткенмен, арада біршама уақыт өткеннен кейін қаза бол­ған­дардың бірінің анасы Г.Әбиева аудандық прокуратураға арыз жазып, қабылданған шешіммен келіспейтінін жеткізді. Себебі, сезікті Н.Әбдіраманов марқұм болған қызының қырқын, жү­зін, жылын өткізуге толық көмек­тесемін деп уәде бергеніне қара­мастан, күйеуі Б.Әбиевтен алдап кешірім алып, қарасын көр­сетпей кеткен. Сонымен қатар, облыстық ішкі істер департаменті анықтау басқармасының сезікті Н.Әбдірамановқа ҚР ҚК-нің 67-бабы 2-бөлігінің талаптарын қол­дануда оқиға салдарынан екі адам­ның өлімге ұшырағанын назар­дан тыс қалдырғаны анық­талды.

Осыған орай Жаңақорған аудандық прокуратурасы аға анық­таушы Т.Нұрымбетовтің қыл­мыстық істі өндірістен қыс­қар­ту туралы қаулысының күшін жойып, істі облыстық анықтау басқармасына тергеуді жаңғырту үшін кері жолдады. Нәтижесінде, басқарма аталған қылмыстық істі қайта қолға алып, қосымша тергеу амалдарын ұйымдастырды. Осы бойынша  Н.Әбдірамановқа ҚК 296-бабы 3-бөлігімен айып тағы­лып, Жаңақорған аудандық сотына жолданды. Ал сот Н.Әб­ді­рамановты тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар, оған ҚК-нің 63-бабы қол­данылып, 2 жыл сынақ мерзіміне жіберілді.

Жаңақорған ауданы про­ку­ро­рының көмекшісі Рус­лан Ала­таевтың хабарлауынша, аудандық прокуратура атал­ған арызды қарау барысында қыл­мыстық іс бойынша заң бұзу­шылықтарды анықтап, облыстық анықтау басқармасының аға анықтаушысы, полиция под­полковнигі Т.Нұрымбетовтің тәртіптік жауапкершілігін шешу үшін тәртіптік өндіріс қозғаған. Оның қаралу қорытындысы бой­ын­ша облыстық ІІД бастығының бұй­рығымен аталмыш қызметкерге ескерту берілді.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.