25 Сәуір, 2013

«Жайықмұнайдың» жазасы – 1,8 млрд. теңге!

316 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жайықмұнайдың» жазасы – 1,8 млрд. теңге!

Бейсенбі, 25 сәуір 2013 2:35

Батыс Қазақстан облысының экологтары «Жайықмұнайгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 1,8 млрд. теңге көлемінде айыппұл өндіріп алуға ниетте. Қоршаған ортаны қорғаушылар аталмыш компания ілеспе газды рұқсатсыз жаққаны үшін осынша көлемде айыппұл төлеуге тиіс деп есептеп отыр.

Осыған байланысты, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарасты геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аймақаралық департаменті талап-арыз тапсырды. Департамент қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, серіктестік 30,896 текше метр көлемінде рұқсат етілмеген ілеспе газ жағып, ауаға жіберген. «Басшылық («Жайық­мұнайгаз» ЖШС) аталмыш талап негізсіз және инвесторлардың мүдделеріне ықпал жасауға қабілетсіз деп есептейді», делінген Қазақстан қор биржасында жария­ланған хабарламада.

Ал Zhaikmunai компаниясының негізгі ак­ти­віне Қазақстанның Ресей Федерациясымен солтүстік-батыста шектесетін шекарасынан 60 шақырым жердегі Шынар кен орны (274 шаршы шақырым), сондай-ақ газ өңдеуші зауыт жатады. Компания қағаздары Лондон қор биржасында листингтен өткен. Ал оның директорлар кеңесінің басшысы бельгиялық кәсіпкер Фрэнк Монстра мұның акциясының 40,5 пайызына иелік етіп отырса, «ҚазҚұрылысСервис» инженерлік-құрылыс компаниясы 27 пайыз акцияны алып отыр.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы.