Аймақтар • 03 Шілде, 2019

БҚО-да бір айда 23 есірткі қылмысы тіркелді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қалалық полиция басқармасы «Көкнәр-2019» жедел алдын алу шарасы кезінде 41 жастағы оралдықтың пәтерінен 2 келіге жуық марихуана тауып алды. «Марихуана арнайы пакеттерге бөлініп салынған» деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

БҚО-да бір айда 23 есірткі қылмысы тіркелді

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабы, 4 бөлігіне сәйкес «Есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Елімізде 1 маусымнан бері жыл сайынғы «Көкнәр» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Шараның басты мақсаты – жабайы өсетін есірткі өсімдіктерін анықтау және жою, сонымен қатар заңсыз есірткі тасымалдауға қатысы бар адамдарды анықтап, ұстау, есірткі арналарының жолын кесу.

Міне, осы шара басталғалы өткен бір айдың ішінде БҚО полиция бөлімшелері заңсыз есірткі құралдарының айналымына қатысты 23 қылмыстық және 15 әкімшілік құқықбұзушылық фактілерін анықтаған. 


Батыс Қазақстан