Әлем • 03 Шілде, 2019

Үндістанда бөгет жарылып, 20-дан астам адам жоғалып кетті

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Махараштра штатында Тиваре бөгеті жарылды. Су ағыны 12 үйді шайып кеткен.

Үндістанда бөгет жарылып, 20-дан астам адам жоғалып кетті

DNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша Үндістандық Махараштра штатында дамбаны жарып жібергеннен кейін кем дегенде екі адам қаза тауып, 20-дан астам адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Оқиға елдің батысындағы Ратнагири округінде орын алды. Жарылыс күші жеті ауылға әсер етіп, 12 үйді су шайып кеткен. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция және еріктілер жұмыс істеп жатыр.


Маусым айының соңында Үндістанға муссон маусымы басталған. Елдің орталық бөлігінде жауын-шашын салдарынан көлік қатынасы қиындап, ғимараттар қирап жатыр. Қазіргі уақытта Махараштра штатында 20-дан астам адам қаза тапты. Синоптиктердің айтуынша, нөсер тағы бірнеше күн бойы жалғасады.