Аймақтар • 03 Шілде, 2019

Қызылордада мал ұрлығы көбейіп келеді

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біреу отбасының қажеті үшін мал өсіреді. Ауызымды ақ майға тигізеді, бала-шағамның несібесі ғой деп санын көбейткісі келеді. Ал мал өсіру оңай шаруа емес. Бірақ, біреудің есебінен күн көргісі келетіндер сол малды ұрлап, қарақшылық жасайды.

Қызылордада мал ұрлығы көбейіп келеді

Қызылорда облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы мал ұрлығын жасаған 36 адамды қолға түсірді. Олардың 339 қылмыс жасағаны дәлелденіп отыр. Ұрлықтың 65% жағдайда мал жайылымнан, ал қалған 35 пайызында ауладан және қоралардан әкетілген.

«Соңғы кездері өрісте жүрген малдарды сойып алып кету деректері орын алуда. Барлығы 31 факті анықталды. Қараусыз жайылып жүрген малды сойып алып кету бойынша Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында - 7-ден, Жаңақорғанда - 10, Қармақшыда - 4, Жалағашта - 2, Арал ауданында 1 қылмыс жасалды», - деп мәлімдейді Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Елді алаңдатып отырғаны ұрлықтың көбейіп бара жатқандығы. Биыл жыл басынан бері 339 мал ұрланыпты. Табылғаны-117 бас қана. Сондықтан, «бас жарылса, бөрік ішінде» демей, ұрылар қатар жазаланбаса еркінси береді.

Қызылорда облысы