03 Шілде, 2019

Шығысқазақстандықтар Арыс түлектеріне 10 грант бөледі

994 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыс қаласының мектеп түлектері үшін университетте тегін оқу құқығын беретін 10 білім грантын бөліп отырмыз.

Шығысқазақстандықтар Арыс түлектеріне 10 грант бөледі

Арыстағы жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырған жоқ. Әркім қолдан келгенше көмегін көрсетуге тырысуда. Бұл ретте Шығыс жұртшылығы да белсенділік танытуда. Мәселен, Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен қызметкерлері бір күндік жалақыларын аудару жөнінде шешім қабылдады. «Халқымыз әркез өзінің қамқорлығымен және ұйымшылдығымен дараланған. Қиын күндерде, сын сағаттарда қол ұшын созбасақ басқа қай уақытта көмектесеміз?! Сол себепті біздің университет игі істен қалыс қалмай, гуманитарлық көмек жинау бекетін ашты. Сонымен қатар оқу орнының ұжымының келісімімен Арыс қаласының мектеп түлектері үшін университетте тегін оқу құқығын беретін 10 білім грантын бөліп отырмыз» дейді университет ректоры Мұхтар Төлеген.


ӨСКЕМЕН