Парламент • 03 Шілде, 2019

2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізілді

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді мақұлдады. Осы ретте, Палата Спикері Нұрлан Нығматулин мемлекет қабылдаған әлеуметтік шаралар халықтың көптеген проблемаларын шешуге мүмкіндік беретінін айтты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізілді

- Өздеріңізге белгілі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  әлеуметтік стратегиялық бастамаларын одан әрі   жалғастыру мақсатында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  арнайы тапсырмалар жүктеген болатын. Осыған байланысты, тұрмысы төмен азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету үшін, халқымыздың әлеуметтік жағдайын  күшейту үшін  нақты шаралар қолға алынуда. Сондықтан, осы үш жылдық бюджетке енгізген өзгерістер барлық әлеуметтік тапсырмаларды жеткілікті қаражатпен  қамтамасыз етуге  зор ықпал ететін болады, - деді Н.Нығматулин.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесу жағын ұйымдастыруы керектігіне баса назар аударды.

Осыған байланысты Нұрлан Нығматулин бөлінген қаражатты пайдаланудың тиімділігіне назар аударып, Мəжіліс депутаттары осы мəселені мұқият қарап, қол жеткізілген нəтижелерді талдауға ниетті екенін атап өтті.

-     Бәріміз, Үкімет пен депутаттық корпустың мүшелері, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек, - деді Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен қатар, Н.Нығматулин сессия аяқталғаннан кейін депутаттар өңірлерге барған кезде осы жұмысқа белсене атсалысуы керектігіне тоқталды.