Кітапта шетел зерттеушілерінің қазақтар туралы жазған еңбектеріне сараптама жасалған. Қазақтардың тарихы мен мәдениетіне қатысты Батыс ғалымдарының көзқарасын осы еңбектен табуға болады.
Тұсауы кесілген келесі кітап XVIII-XIX ғасырдағы Ұлы дала билеушілерінің дипломатиялық қызметіне арналған. Бұл – тарих ғылымдарының докторы Клара Хафизованың 50 жылдық еңбегінің жемісі. Жинақта көшпенділердің саяси-нарықтық өмірі мен өркениеті кеңінен сипатталған. Ғалым қытай және орыс деректеріне үңіле отырып, қазақ даласындағы сұлтандардың кең-байтақ жерді сақтап қалудағы дипломатиялық іс-әрекеттері мен еңбектерін зерттеген. Автордың пікірінше, көшпелі халықтың дипломатиясы тиімді болған. Ел билеушілері қос ірі көршінің, мұсылман әлемінің және Қоқан хандығының арасында бола тұра, өзіміздің дәстүрімізді, жерімізді сақтап қалған. К.Хафизова өз еңбегі арқылы оқырманға осы ойды жеткізгісі келген.