Аймақтар • 05 Шілде, 2019

Бауыржан Байбек Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Арыс қаласына барды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Бауыржан Байбек Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті

«Арысқа арнайы барып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен таныстым. Төтенше жағдайдан үйлері зардап шеккен отбасылармен кездесіп, ешкімнің назардан тыс қалмайтынын, мемлекет тарапынан бәріне бірдей қолдау көрсетілетінін айттым», деді Б. Байбек.

Сондай ақ, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нақты шаралар жүзеге асатынын жазды.

«Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары партия тарапынан қоғамдық бақылау күшейтілетініне тоқталды.

«Апаттың зардаптарын жоюға бүкіл ел болып жұмылуда. Қазірдің өзінде жүзден астам құрылыс компаниялары мен мың жарымнан астам маман келіп, жұмысты бастап кетті. Қираған үйлердің барлығын 1 тамызға дейін тапсыру жоспарланып отыр. Бұл істе «Nur Otan» партиясы тарапынан қоғамдық және партиялық бақылау күшейтіледі. Апта сайын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы ақпараттар жарияланып отырады», деп жазды ол.

Сонымен қатар жасотандықтарға ерекше алғысын білдірді.

«Олар еріктілер ретінде алғашқылардың бірі болып апат болған жерге келіп, Арыстағы ағайынға нақты көмек көрсетуде. Бұл нағыз отаншылдық пен азаматтықтың жарқын көрінісі. Арыс, біз біргеміз!», деп жазды Б. Байбек.