Қазақстан • 05 Шілде, 2019

Ертең Қызылордада 42°С ыстық күтіледі

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет» РМК 6-8 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Ертең Қызылордада 42°С ыстық күтіледі


6 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 42°С ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 6 шілдеде найзағай, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Тропосфералық ағындардың меридианнан ендікке ауысуына байланысты Қазақстанға Атлантикадан ауа массалары келе бастады. Демалыс және мереке күндері Ресейдің еуропалық бөлігі мен Батыс Сібірдің солтүстік аймағы арқылы ығысып жатқан циклонға байланысты республиканың солтүстік облыстарына атмосфералық фронттар өз ықпалын тигізеді. Салдарынан кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады. Күн күркірегенде жел күшейеді және бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік облыстарға қазір Атлантиканың орталық аймақтарынан ауа массалары жылжып жатыр. Ал бұл антициклон жаз уақытында ыстық және құрғақ ауа райын туғызады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстік жартысында көпжылдық ауа температурасы көпжылдық мәннен 1...3°С жоғары болады. Тек таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.