Аймақтар • Бүгін, 09:48

Елтаңбаны балғамен ұрып, Туды өртеген: Павлодардағы мектепте болған оқиға жұртты шошытты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде тараған бейнежазбадан бір топ адамның Мемлекеттік туды өртеп, Елтаңбаны балғамен сындырып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елтаңбаны балғамен ұрып, Туды өртеген: Павлодардағы мектепте болған оқиға жұртты шошытты

Мемлекеттік рәміздерге қатысты өрескел әрекет Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп орта мектебінде тіркелген. Қалалық білім беру бөлімі аталған видео 5 ақпан күні түсірілгенін мәлімдеді. Оқу ұйымының қызметкерлері Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы №137 бұйрығына сәйкес әрекет еткен.

Мемлекеттік Туды қорлаған 4 адамға сот шешімі шықты

«Мектеп комиссиясы ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін заттарды жою бойынша жұмыс жүргізді.  Бұл процедура тиісті актімен ресімделген. Аталған іс -әрекеттерді бейнетіркеу тек қызметтік мақсатта жүргізілді және таратуға арналмаған», деп хабарлады Павлодар қаласының білім бөлімінен.

Әлгі бейнежазбаның әлеуметтік желіде қалайша тарап кеткені белгісіз. Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне тиісті бақылаудың болмауына байланысты мектеп басшысына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылған.

Мемлекеттік туды мазақ еткендер жауапқа тартылады

 

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар