Аймақтар • 06 Шілде, 2019

Полицейдің қолынан бәрі келеді

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарабалық ауданынының орталығындағы көп қабатты үйлердің алдында жұрттың барлығы кешкілік балаларын ертіп қыдырып жүреді.

Полицейдің қолынан бәрі келеді

Аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Иван Щевченко да отбасымен кешкі серуенге шықан беті еді. Кенет әйелдің  жан даусы шыққан айқайы естілді. Иван мұның жай емес екенін білді де, әйелдің дауысы шыққан жаққа жүгіре жөнелді. Көзді ашып-жұмғанша жетіп келгенде, кішкентай қыз бала талықсып демала алмай жатыр екен. Анасы оның кәмпитке түйілгенін айтып үлгерді. Иван шұғыл алғашқы көмек көрсетпесе, санаулы минуттар судай ағып кететінін сезді. Ол саспай баланы анасының қолынан алды да, өзінің тізесіне етпетінен жатқызып, жауырыны тұсынан жайлап қаға бастағанда-ақ, кәмпит баланың аузынан атып түсті. Тынысы кеңіп сала берген бала айқайлап жылап жіберді, анасы қуаныштан қосыла жылады.

Полицей көшедегі бір машинаны тоқтатты да, ана мен баланы отырғызып, ауруханаға жіберді.

 – Менің өзімнің балам да кішкентайында дәл осылай түйіліп, зәремізді алғаны бар. Балама өзім жанұшырып, алғашқы көмек көрсетіп, әупіріммен аман алып қалған едім. Сонда түйілген балаға алғашқы көмек беру керек болады екен деген ой келіп, өз бетімше оқып алған едім, – дейді полицей Иван Щевченко.

Полицейге баланың ата-анасы алғысын айтты.

Қостанай облысы,

Қарабалық ауданы