– Көпшілік көп балалы немесе асыраушысынан айырылған отбасылардың несиесі кешіріледі деп жүр. Кеше Қаржы министрі Әлихан Смайлов бұл жолғы қарызды жабу үшін Ұлттық қордан қаржы бөлінетінін, 300 млрд теңгенің қандай мақсатқа жұмсалатынын айтты.
– 88,5 млрд теңге көп балалы немесе асыраушысынан айырылып, қиын жағдайда қалған отбасылардың тұтынушылық мақсаттағы қайтарылмаған қарыздарын жабуға жұмсалады. Қоғам бұл шараның тек бір рет жүргізіліп жатқанын және жалғаспайтынын ұмытпаса деймін.
«Қарыздың бәрі кешіріледі» деген қате түсінік. Біз нарықтық экономика қоғамында өмір сүргендіктен, адам қарызын қайтаруды, несиесін өтеу жауапкершілігін өз мойнына алуы тиіс. Президенттің Жарлығында барлық адамдардың емес, несиелік міндеттемесін орындай алмай отырған әлеуметтің осал тобына жататын азаматтардың кепілсіз тұтыну несиесін өтеу туралы айтылды. Көп балалы отбасылардың, мүгедек балалары бар отбасылардың, асыраушысынан айырылған отбасылардың, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың және жетім балалардың жөні бөлек.
– «Дүниежүзілік сауда ұйымына кірдік, енді бізге шетелдік көп банктер келеді, несие пайыздары төмендейді» дейтін миф сейілді. Банктердің пайызының төмендеуіне шетелдік банктердің елге көптеп келуі емес, экономикалық фактор әсер ететіні білініп қалды...
– Қазіргі таңда Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу деген саясат жүргізіп отыр. Оның мақсаты – 2020 жылға дейін инфляция деңгейін 4 пайызға дейін түсіру. Егер бұл мақсат орындалатын болса, онда базалық пайыздық мөлшерлеменің деңгейі де құлайды. Қазіргі 11 пайыз, кейін 5 немесе 4 пайызға дейін түсіп қалуы мүмкін. Ол кезде несие арзандап, азаматтар үшін тиімді және қолайлы бола бастайды. Енді ақырын-ақырын осы кезеңге қарай жақындап келе жатырмыз.
– Енді не істемек керек, неден бастау керек?
– Меніңше, халықтың қаржы сауатылығы емес, меншік құқығына деген жауапкершілігін арттыру да маңызды. Күні кеше ғана Арыста 50 мың тұрғын бір сағатта үй-жайына жай түскендей болып, мемлекеттің қолына қарап қалды.
– Мұндайда халық Үкіметке емес, сақтандыру компанияларының көмегіне жүгінуі тиіс еді...
– Қазақ ұлтының қанымен біткен бауырмалдық біздің Үкіметтің әлеуметтік бағдарламаларының кемшін тұстарын білдірмей жатыр. Өзін еркін сезінетін, өз меншігін еркін қолданатын қоғамға ұмтылу керек. Бұл халықтың қаржылық сауатын да, өзінің активтері үшін жауапкершілігін де арттырады.
– Өкінішке қарай, қаржы ұйымдарының немесе екінші деңгейлі банктердің жүмысына Ұлттық банк тікелей араласа алмайды. Ал микрокредиттік ұйымдар кәсіпкер ретінде тіркеліп, басқа қызмет түрімен айналыса беретінін көзіміз көріп жүр. Ел ішінде жылдам несие деп аталатын қарыз беретін нысандар көбейіп барады.
– Олар тіркелген кезде ашықтан-ашық несие таратумен айналысуға мүмкіндік беретін барлық тетіктерді заңдастырып алған. Ел ішінде «мұның бәрін Ұлттық банк біліп отырса да шара қолданбайды» деген пікір барын білемін. Ұлттық банк қол қусырып отырған жоқ. Былтыр қаржы реттеушісі микрокредиттік ұйымдарға қатысты заң жобасын қабылдап, микрокредиттік ұйымдардың жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемесін 100 пайыздан асырмау мәселесін заңдастырды.
– Тұтыну несиесіндегі «тәуекел тобы» туралы таратып айтыңызшы
– Халықтың несиеқұмарлығы оның әлеуметтік жағдайына кері әсер етеді. Ұлттық банк «халықтың несиеқұмарлығына қатысты мәселені несие нарығының дамуына кедергі келтірмей шешу керек» деген шешімге келген сияқты. Жақында Ұлттық банк өкілдері ешкімнің несие алуына шектеу қоймаса да несие алып, оны қайтармай жүретіндерді тезге сала алатынын айтты. Ол үшін несие нарығының дамуына кедергі келтірмей шешу үшін алған қарызын қайтармайтындардың тізімін жасап, оларға қарыз бермеу шарасын қолдануды ұсыныпты. Тұтыну несиесін рәсімдейтін 18-23 жас аралығындағы адамдар «тәуекел тобына» жатады. Себебі бұл жастағы адамдардың тұрақты табысы болмайды.
–Халықтың табатын табысы мен алатын қарызы арасында үлкен алшақтық бар. Бұл банк секторы үшін жағымсыз жайт. Уақыт өте келе қаржы институттары немесе тұтас банк секторы дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Сіз не дейсіз?
– Жекелеген банктер қаржылық қиындыққа тап болса, оның салқыны тұтас жүйеге тиеді. Мұны жақында «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова жасырмай айтты.
– Ұлттық банк былтырдан бері мәселені шешу амалдарын қолданып жатыр. «Несие портфелінің ұлғаюына шектеу қойылды. Бірақ мәселе түбегейлі шешілді ме?
– Бұдан былай тұтынушы несиесін рәсімдейтін екінші деңгейлі банктердің капиталы ерекше назарға алынады. Банктің қалауы мен мүмкіндігі қаржылық жағдайына сай болған жағдайда ғана адамдарға қарыз беру құқығын ұсыну қажет деген пікір басым. Мұны ішкі нарықтың сұранысы шешуі мүмкін.
– Ауылда тұратын кәсіпкерлердің несиенің пайызы мен өтелу мерзімі туралы ұсыныстары Үкіметке жетпей жатыр ғой...