09 Шілде, 2019

ШҚО прокуратурасының қызметкерлері әлемнің үздік университетіне оқуға қабылданды

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ШҚО прокурорының екі көмекшісі Қанат Айкенов пен Лаура Айкенова әлемнің үздік университеттерінің біріне түсті.

ШҚО прокуратурасының қызметкерлері  әлемнің үздік университетіне оқуға қабылданды


ШҚО прокурорының екі көмекшісі Қанат Айкенов пен Лаура Айкенова әлемнің үздік университеттерінің біріне түсті. 2017 жылы оларға «Құқықтану» мамандығы бойынша магистратурада Америка Құрама Штаттарында оқу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясы берілген болатын.

Өткен жылы олар құжаттарын Американың үздік 4 университетіне (Калифорния университеті (Беркли), Нью-Йорк университеті, Пенсильвания университеті және Корнельдік университет) тапсырған-ды. Олардың таңдауы Калифорния университеті болды. Бұл университет 1866 жылы құрылған және әлемнің үздік университеттерінің бестігіне кіреді. Оқу орнында 7 Нобель сыйлығының лауреаттары дәріс береді, ал жалпы, университетпен Нобель сыйлығының 100 лауреатының есімдері байланысты. Бұл университеттегі құқықтану мектебі әлем бойынша құқық мектептерінің ішінде 7-ші орын алады, сол себепті болашақ студенттерді де өте мұқият таңдайды. Магистратурада оқу  академиялық бір жылға созылады және 2019 жылдың тамыз айында басталады, демек, 2020 жылдың мамыр айында прокуратура қызметкерлері Қазақстанға қайтып оралып, алған білімдерін жұмыс барысында қолдана бастауына болады» делінген Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

ӨСКЕМЕН