Саясат • 10 Шілде, 2019

Аналардың айлығы артты

367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облысындағы «Жаңақорған» шипажайында еңбек ететін көп балалы және жалғызбасты аналардың еңбекақысы осыдан үш ай бұрын көбейіп, әлеуметтік жағдайлары біршама жақсарған болатын. Енді осы игілікті іс Түркістан облысының «Манкент» шипажайында жалғасын тапты.

Аналардың айлығы артты

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы аналарға әлеуметтік көмектің барлық түрін қарастыру жөнінде тапсырма берген болатын. Мұны еңбек ұжымдары арқылы шешуге елімізде мүмкіндік бар. Мәселен, біз төмен жалақы алатын жұмыскерлердің еңбек­ақыларын көтеру, көп балалы аналарға жәрдемақы төлеу, өмірге келген әрбір сәбидің ата-анасына материалдық көмек көрсету мәселелерін ұдайы көтеріп келеміз. Бұл өзекті мәселе ұжымдық шартта көрініс табуы тиіс. «Манкент» шипажайының басшылығы да осындай қадамға барып, ұжымда еңбек ететін көп балалы аналарды бір қуантып тастады. Осы шарапатты іс республиканың басқа да еңбек ұжымдарында жалғасады деген ойдамыз, – дейді Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орын­басары С.Дәулеталин.

– Біздің шипажайда Қазақ­станның түкпір-түкпірінен келіп демалатын қарапайым еңбек адамдары өте көп. Маң­ғыс­тау, Атырау, Батыс Қазақ­стан, Ақтөбе облыстарынан келетін мұнайшылар да жетер­лік. Қызметімізге бар­лы­ғы да риза. Еңбегіңе алғыс алғаннан артық баға жоқ қой. Демалушылардың көңі­лі­нен шығып, мінсіз қыз­мет етіп жүрген ұжымның ішінде 11 көп балалы ана бар. Шипажайда барлығы 230 адам еңбек етеді. Ең төменгі еңбекақы – 59 300 теңге. Енді оны 15 пайызға көтеруге ше­шім қабылдадық. Сонымен бірге көп балалы аналарға жы­лы­на екі айлық есеп көрсет­кіші мөлшерінде жәр­демақы төлеу мен ұжым мү­шелерінің отбасында дүниеге келген сәбиге бір айлық еңбек­ақы көле­мінде көмек көрсетуді ұжым­дық шартқа енгіздік, – дейді «Манкент» шипажайы­ның бас директоры Хамрақұл Құрбанов.

Сондай-ақ «Меркі» шипажайы қызметкерлерінің жалақы­сы 1 маусымнан бастап 15 пайызға көтерілгені жөнінде де жағымды хабар жетті.