Аймақтар • 10 Шілде, 2019

«Британ кварталындағы» өрт: кеше және бүгін

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Елордадағы элиталық үйлердің бірі - «Британ кварталындағы» өрт сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Британ кварталындағы» өрт: кеше және бүгін

«Жағдайды ескере келе өрт сөндіретін 4 учаске белгіленді. Бәрінен бұрын шатырдың өзгеше жобалануы біршама қиындық туғызды, онымен бірге жылдамдығы 13 м/с болатын жел де өртті сөндіруге айтарлықтай кедергі жасады. Жалын 21:56-да ауыздықталып, 23:02-де сөндірілді. Тілсіз жау 600 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға салдарынан үйдің шатыры ішінара өртеніп кетті, сондай-ақ кешеннің мансард қабатында орналасқан 4 пәтер бүлінді» делінген хабарламада. 

Зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынның үйдің басқа аумақтарына тарап кетуіне жол берілмеді. Өртті ауыздықтауға елордалық төтенше жағдай департаментінің 67 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 3 адамнан тұратын Апаттық медицина орталығы бригадасы, полициядан 8 адам мен 3 техника және жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді.