Атап айтқанда, бұрынғы вице-министрге қатысты ақшалай айыппұл тағайындалды. Э. Суханбердиева сот залында босатылды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды және 2 айға қамауға алынды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 9 шілде күні сот отырысы өтіп, ол өз кінәсін мойындады.