19 Наурыз, 2010

СЫНДАРЛЫ КЕЗДЕСУ

649 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Бас Прокурор Қ.Мәми мен Ресей Федерация­сының Қазақстан Респуб­ли­касындағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Бочарниковтің кездесуі өтті. Кездесу барысында Бас Про­курор Ресей елшілігінің басшы­сын респуб­ликалық құқық қорғау органдарының жүйесінде еліміздегі прокуратураның азаматтардың құқықтары, бостан­дықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін құқықтық құрал ретіндегі рөлі жөнінде хабардар етті. Өткен жылдың аяғында Ресей Федера­ция­сы тарапынан ТМД-ның 1998 жылғы 6 наурыздағы Бас бостан­ды­ғы­нан айырылғандарды одан әрі жазасын өтеу үшін беру туралы кон­венциясын бекіту нәтижесінде қазіргі уақытта екі мемлекет сот­тал­ғандарды елдеріне қайтару жө­нін­дегі өтініштерін ойдағыдай қа­рау мүмкіндігіне ие болғаны атап өтілді. Бүгінгі таңда біздің төрт аза­мат­қа қатысты ресейлік үкімдерді орындау жөніндегі Бас Проку­рор­дың ұсыныс­тарын қазақстандық соттар қарастырып, қанағаттан­дыр­ды. Тараптар екі елдің құқық қор­ғау органдарының қылмысты­лық­қа қарсы күрес және қыл­мыс­тық істер бойынша өзара құқық­тық көмек көрсету саласындағы іс-қимылдарының тиімділігі жөнінде ықыласпен атап өтті. Кездесу нәтижесінде тараптар екі ел ара­сындағы ынтымақ­тастықты одан әрі нығайту жөнінде келісімге келді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.