Аймақтар • 10 Шілде, 2019

СҚО-да «Азамат. Қаламгер.Қайраткер» конференциясы өтті

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқушылар сарайында «Азамат. Қаламгер.Қайраткер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, оған Алматы, Астана қаларынан мәртебелі меймандар, ғалымдар, қарымды қалам иелері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

СҚО-да «Азамат. Қаламгер.Қайраткер» конференциясы өтті

Алқалы басқосу  белгілі жазушы-журналист, облыстың құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменовтың 70 жылдық мерейтойына арналып, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаев модератор болды. Ол өз сөзінде  екінші  дәрежелі «Достық», «Құрмет ордендерінің иегері, ондаған зерттеу, шығармашылық кітаптар мен жинақтардың авторы , бүгінде «Қызылжар-Ақпарат»  ЖШС-не жетекшілік етіп, жемісті еңбек жолын жалғастырып  келе жатқан Жарасбай Қабдоллаұлының  өмір жолына қысқаша тоқталып өтті.

Конференцияда облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың құттықтау хатын оқып берді. 

Парламент Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман, қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай,  «Жеті жарғы» және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық  қорының төрағасы Бекет Тұрғараұлы, «Қаhармандар» республикалық  ұйымының президенті Сабыр Қасымов, ардагер жазушы-журналист, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Жанат Елшібек, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, академик Диқан Қамзабекұлы, тағы басқалары шығармашылық, зерттеушілік  және  қоғамдық қызметті  қатар тізгіндеген жаны жомарт жайсаң жанның ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз үлесін жоғары бағалады.  Әсіресе, мағжантанушы ретінде Алаштың ақиық ақынының өмірі мен шығармашылығына қатысты  ұзақ жылдар бойы көз майын тауысып, тірнектеп жинаған тың мағлұматтары, табанды ізденістері, салиқалы да  салмақты ой-пікірлері  азаматтық болмысын ерекшелейтіні атап көрсетілді.  Біз Жәкеңді  қаламы жүйрік журналист ретінде ғана емес, сонымен қатар халықтың сөзін  сөйлейтін, адалдықтан таймайтын қайраткер, ұлтжанды күрескер ретінде де жақсы танимыз, десті шешендер.

Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері Жақсыбай Самрат басшылықтың  ізгі лебізін, құттықтау тілегін жеткізді.

Конференцияда «Әке жолы», «Сырымды саған айтамын» кітаптарының тұсаукесері  өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024