Аймақтар • 10 Шілде, 2019

Сығанақ қалашығында археологиялық зерттеу барысында ғалымдар бірқатар жаңа деректі анықтады

674 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы аумағындағы Сығанақ қалашығында археологиялық зерттеу барысында ғалымдар бірқатар жаңа деректі анықтады.

Сығанақ қалашығында археологиялық зерттеу барысында ғалымдар бірқатар жаңа деректі анықтады

Қазба жұмыстары Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті археология ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәйден Жолдасбаевтың жетекшілігімен жүргізілді. Экспедицияға Археология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, тарих кафедрасының студенттері және Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасына қарасты «Облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау» мекемесінің мамандары қатысты.

«Сығанақ қаласы - Сырдың орта ағысындағы астаналық мәртебеге ие ортағасырлық қала екендігі белгілі. Сондықтан қала аумағында әр кезеңнің би-сұлтандары мен хандары жерленген ірі кесенелер орны көптеп кездеседі. Биыл меморандум бойынша жасалған археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде қалашықтың батыс бөлігінде орналасқан төбенің кесене екендігі анықталып отыр. Қазба барысында табылған сырлы қыш қаптамаларға, керамикалық ыдыстарға және қыштардың пішіндеріне қарап, бұл құрылыс XIII-XIV ғасырларға жататындығы туралы алдын ала болжауға болады», - деді экспедиция жетекшісі Сәйден Жолдасбаев.

Ғалымдар болашақта Сығанақ қалашығын UNESCO Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жоспарланып отырғандығын айтады.


Қызылорда облысы