«Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайындалды»,-деп жазды Б.Байбек.
Әлібек Әлденей әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет атқарған. 2015 жылдан бері «Алматы» телеарнасын басқарды. Биыл Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған болатын.