26 Қаңтар, 2013

Кәсіпорын ашқың келе ме? Кел де, іске кірісе бер!

382 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кәсіпорын ашқың келе ме? Кел де, іске кірісе бер!

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:17

Бір кездері Шымкент қа­ла­сының даңқын шартарапқа танытып, атағын дүркіреткен «Ши­на» зауытының кейінгі жыл­дары жұмысы тоқтап, күн­нен-күнге тоналып, көз алдымызда жоқ болып бара жатқаны көптің көңіліне кірбің түсіріп жүргені рас еді. Бірнеше мыңдаған жанды жұмыспен қамтып, мұржасы бұрқырап, қазаны қыз-қыз қай­нап жататын зауыттың мұндай мүшкіл халге түсуі қалталы азаматтарды да қатты ойландырса керек. Сөйтіп, осыдан екі жыл бұрын зауыт аумағынан «Ордабасы» индустриялық аймағы ашылған болатын.

 

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:17

Бір кездері Шымкент қа­ла­сының даңқын шартарапқа танытып, атағын дүркіреткен «Ши­на» зауытының кейінгі жыл­дары жұмысы тоқтап, күн­нен-күнге тоналып, көз алдымызда жоқ болып бара жатқаны көптің көңіліне кірбің түсіріп жүргені рас еді. Бірнеше мыңдаған жанды жұмыспен қамтып, мұржасы бұрқырап, қазаны қыз-қыз қай­нап жататын зауыттың мұндай мүшкіл халге түсуі қалталы азаматтарды да қатты ойландырса керек. Сөйтіп, осыдан екі жыл бұрын зауыт аумағынан «Ордабасы» индустриялық аймағы ашылған болатын.

Бүгінде бұл аумақта 30-ға жуық кәсіпорын орналасып, бір­­неше жылдан бері қаңырап бос жатқан ғимараттар кәдеге жарауда. 1250-ге жуық адам осы кәсіпорындардан несібесін тауып, тұрақты жұмыспен қам­тыл­ды. Болашақта бес мыңға дейін адамды тұрақты жұмыспен қам­туға мүмкіндік бар. Аймақ аума­ғында 143 гектар жер телі­мі мен 335 мың шаршы метр өндірістік ғимарат, 33 мың шаршы метр қойма, 5 мың шаршы метр контейнерлік алаң мен 18 мың шаршы метр кеңсе ғима­раты бар. Осының барлығы облыс орталығында Елбасы ерекше тапсырған кәсіпкерліктің қа­рыштап қанат жаюына мол сеп­тігін тигізбек. Бұл Шымкент қа­ласындағы салық түсімін арттырып, бюджеттің бүйірін томпайта түсері даусыз. Ал бюджет қар­жысы көбейсе халықтың кө­кейін мазалаған көптеген мәсе­ле­­лер оңынан шешілетіні түсінікті.
Бұл аймақта кәсібін дөң­ге­лет­кісі келген кәсіпкерлер үшін жа­ңадан инфрақұрылым, өнді­ріс­тік, кеңсе ғимараттарын, қой­ма, темір жол тұйығы секілді аса қа­жет нысандарды салудың қажеті жоқ. Олар дайын. Тек кәсіп­орын­ға қажетті құрал-жаб­дықтарды орнатса болғаны. Кә­сіпорын аш­қың келеді ме, идея бар ма, пай­да­лан да, кедергісіз іске кірісе бер.
Тағы бір айта кетерлігі, мұн­да коммуналдық қызмет­тердің барлық түрі, мейлі, ол су, газ, жарық болсын, қаладағы тарифтен 30 пайызға төмен екен. Осы­ның арқасында аймаққа жа­қын аумақта қосымша 37 кә­сіпорын іске қосылыпты. Онда да мыңнан астам адам тұрақ­ты жұмыспен қамтылған.
«Индустриялық аймақтың жұ­­мысын жүргізу, жандандыру мақсатында бірнеше шет мем­лекеттердің тәжірибесімен танысып қайттым. Соның ішінде Түркияның тәсілі көңіліме қо­ным­ды болды. Онда да тура біздікіндей әдісті қолданады. Тек олардағы іске асырылып жат­қан мегажобалардың көлемі өте үл­кен. Жақын болашақта түркия­лық OSTIM корпорациясымен бірлескен жобаны, яғни қазақ-түрік аймақтық өндірістік орта­лығын құру жоспарда бар. Атал­ған корпорация Түркиямен қатар Египет, Ирак және Оң­түстік-шығыс Азия, Солтүстік Африка мемлекеттеріндегі ин­дустриялық аймақтарды мей­лін­ше дамытуға қол жеткізген ірі орталық. Анкара қаласының өзіндегі аймақта ғана 5 мыңнан астам кәсіпорын он­даған мың өнім түрлерін шы­ғарып жатыр», дейді «Индус­трия­­­­лық аймақ «Ордабасы» ЖШС-нің директоры Нұрғазы Бұхарбаев.
Бүгінде бұл зауыт аумағынан 30-ға жуық өнім түрі шыға­ры­лады. Олардың арасында түрлі құрылыс заттары, су мен көгіл­дір отынға арналған пластик құбырлар, электр үнемдегіш лам­палар, тұрмыстық сабын, жүк және жеңіл автокөліктердің алдыңғы терезелері, пластик терезелер, мотор майы және басқа да өнімдер шығарылуда. Мә­селен, алинекс шығаратын «Alina Trade» ЖШС айына 40 вагон өнім шығарып жатыр. Бұ­дан бөлек 5 гектар жерге жылыжай орналастырылған.
Жалпы алғанда облыс ин­дус­­трияландыру картасы аясында 2015 жылға дейін 111 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Өткен жылы 27 жоба іске қо­сылып, 1820  жұмыс орны ашыл­­­­­ды. Ал, жыл соңында тағы 2 жоба іске қосылып, 355 адам жұмыспен қамтылды. Карта аясында іске қосылған кәсіп­орын­дар 14,5 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Әрине, «Ордабасы» индустриялық аймағы кешегі «Шина» зауытының кезіндегі­дей жұмысшысы сапырылысып, іші құж-құж қайнап жатпаса да әйтеуір бір тіршіліктің нышаны бар. Және ол енді-енді шым-шымдап қайнап келе жатқан тіршілік. Ірі кәсіпкерлерге кең жол ашқан бұл аймақтың бола­шағы әлі алда екені айдан анық.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
ШЫМКЕНТ.