Аймақтар • 11 Шілде, 2019

Маңғыстау дәрігерлерінің еңбекақысы 230 мың теңгеге жетті

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.

Маңғыстау дәрігерлерінің еңбекақысы 230 мың теңгеге жетті

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісі Татиева Алмагүлдің айтуынша, «Нұр Отан» партиясының кезекті сьезінде берген Елбасы тапсырмасына орай, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен 1 маусымнан бастап, медицина қызметкерлерінің ай сайынғы табысы 15-тен 30 процентке дейін өсті.

Көбейген еңбекақы аймақтағы 1600-ге жуық дәрігер мен 4 мыңнан астам медбикеге берілді. Мәселен, оқу орнын жаңа бітірген жас маман 80 мың теңге, ал, тәжірибелі дәрігерлер 200 мың теңгеден аса айлық ала бастады. Осыған дейін 75 мың теңге айлық алатын дәрігер, енді маусым айынан бастап 110 мың теңге жалақы алатын болды.

Маңғыстау облысы