Делегаттар облыстық партия филиалының жаңа төрағасының кандидатурасын бірауыздан қолдады. «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қуанышбек Ысқақовты құттықтап, куәлік табыстады.
«Қуанышбек Досмайылұлын жаңа жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтаймын. Ол - осы өңірдің тумасы, өз ісінің маманы, жауапты қызметтерді атқарған тәжірибелі басшы. Қырымбек Елеуұлы Қызылорда облысының әкімі болып тұрған кезде көп еңбек атқарды, Сыр өңірін дамыту үшін, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлерді қолдау, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиемен қамтамасыз ету және т. б. маңызды мәселелер бойынша көп жұмыстар істеді. Қуанышбек Досмайылұлы да аймақтың әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шешуде аянбай еңбек етеді деп сенемін»,-деді Б.Байбек.