19 Наурыз, 2010

МӘЖІЛІСКЕ БОСҚЫНДАР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША БҰҰ ӨКІЛІ КЕЛДІ

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азиядағы босқындар мәселесі бойынша Бас комиссары басқармасы өкілдігінің басшысы Сабер Азаммен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Мәжіліс Төрағасының орын­басары мәртебелі мейманды жаңа қызметке та­ғайын­далуымен құттықтап, бос­қын­дар мәселесі Қазақстан сая­сатының басым бағыттарының бірі екендігін атап көрсетті. Өт­кен жылдың аяғында қабыл­дан­ған “Босқындар ту­ралы” заңның жобасын жасау кезінде Біріккен Ұлттар Ұйы­мының босқындар комиссия­сының өкілдері ара­ла­сып, олардың біраз ұсыныстары қабылданған. Трансшекаралық аймақта отырған мемлекеттер ше­карашылармен жұмысты жан­дан­дырып, анықтау бағытында үлкен жұмыстар атқарылғанын, бұл салада қол жеткізілген же­тіс­тіктер баршылық екенін айтқан  вице-спикер Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азиядағы босқындар мәселесі бойынша Бас комиссары басқармасы өкілдігі бас­шысының  біздің аймақта бас­талған жұмысына сәттілік тіледі. Мейман өз кездесуінің халық­тық демократияның көзі мен құлағы болып табылатын Мәжі­ліс­тен басталғанына ризашылық білдіріп, алдағы уақытта Парла­мент­пен тығыз байланыста бола­тындығына сендірді. Алдағы қазан айында Бішкек қаласында аралас босқындар мәселесіне қатысты конференция өткізетіндіктерін хабарлады. “Біздің стратегиямыз қашанда Үкіметпен бірге болуда, Парламенттен моральдық қолдау күтеміз”, – деді ол.