Аймақтар • 11 Шілде, 2019

Зорлық-зомбылық белгісі жоқ

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада мас күйінде көлік жүргізген жүргізушіні ұстаған полицейлер автокөлікке отырғызуға әрекет жасаған сәтте ол есінен танып, жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Зорлық-зомбылық белгісі жоқ

«Қызылорда қаласының 43 жастағы тұрғыны спирт ішімдігін ішіп автокөлік басқарған. Полиция қызметкерлері оған автокөлікті тоқтату жөнінде заңды талап қойған, бірақ ол талапқа бағынбаған. Мас күйінде көлік жүргізген азаматты тоқтатып, қызметтік автокөлікке отырғызу барысында ол кенеттен есінен танып құлаған. Полицейлер бірден жедел жәрдем шақыртты. Бірақ, жүргізуші медициналық көмек келгенде көз жұмған. Сот-дәрігерлік сарапшының мәйітке сырттай қарау жүргізу барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», - дейді департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінде алып-қашпа сөздерге негіз болған осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызылорда облысы