Аймақтар • 11 Шілде, 2019

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ресейде жұмыс сапарымен болды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. В. Скляр, Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.Х. Қойшыбаев, «БРК-Лизинг» АҚ Басқарма төрағасы Н.С.Байбазаров, Қазақстандық Авто Бизнес Қауымдастығының президенті А.С. Лаврентьев бар делегация Татарстан Республикасының, сондай-ақ Ресей Федерациясының Свердлов облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ресейде жұмыс сапарымен болды

Делегация «КАМАЗ» компаниясының Бас директоры Сергей Когогинмен бірге автомобиль зауытының құрастыру конвейерлеріне, сондай-ақ «КАМАЗ» компаниясының Ғылыми-техникалық орталығындағы автомобиль техникасының көрмесіне барды,   компания басшылығымен екіжақты келіссөздер жүргізді.

  Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Екатеринбург қаласында өткен «ИННОПРОМ» халықаралық көрмесіне қатысты.  Бұл көрме –  Ресейдің ең маңызды индустриалдық, сауда және экспорттық алаңы болып табылады. Ол биыл оныншы рет өткізіліп отыр. Бұл алаңға әлемнің түрлі елдерінің өкілдері, өндірісте жаңа өнімдер мен технологияларды енгізу туралы шешім қабылдайтын өнеркәсіп кәсіпорындарынан айтулы мамандар.келеді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов іс-шара барысында Қазақстанның атынан жасақталған стендтің ашылу рәсіміне қатысты.

Сапар барысында облыс басшысы бірқатар кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізді, өндірістік кәсіпорындарда, офистерде және басқа да нысандарда болды, көпшілікті тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша Ресей көшбасшыларының бірі болып табылатын «Кейтеринбург» компаниясында болғанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, облыс басшылығы Свердлов облысы губернаторының орынбасары О.Л. Чемезовпен екіжақты кездесулер өткізді, оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, инвестициялық жобаларды іске асырумен қоса, бірлескен жұмыстың белгілі бір қорытындысы жасалды, болашаққа перспективалық жоспарлар белгіленді.


Қостанай