Тағайындау • 11 Шілде, 2019

Алматы қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне Талғат Сәрсенбаев тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алматы қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Талғат Сарсенбаев 1966 жылы туған. 1987 жылы Қарағандыдағы КСРО ІІМ-нің жоғары мектебін,  2015 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар.

Әр жылдары құқық қорғау органдарында, жоғары оқу орындарында, ҚР Президенті Әкімшілігінде лауазымды қызметтер атқарған, Ресейдегі ҚР Елшілігінде кеңесші, ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысы, «Самрұқ-Қазына» АҚ түрлі позицияларда болған. 

Соңғы үш жылда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі қызметін атқарған. Заң ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Құрмет грамотасымен және «Құрмет» орденімен марапатталған. Өз кезегінде бұрындары осы позицияны атқарған Жігер Қалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.