Қоғам • 12 Шілде, 2019

Жарна аударуда елордалықтар екінші орында

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық сақтандыру жүйесі – медициналық қызмет сапасы мен оның қолжетімділігінің кепілі екені белгілі. Аталған жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 23 млрд теңгеден асады. Бұл республика бойынша түскен 186,2 млрд теңге көлеміндегі сақтандыру жарнасы мен аударымдарының 12,4 %-ын құрайды.

Жарна аударуда елордалықтар  екінші орында

Аймақтық тұрғыдан тұ­тас­тай алғанда, Нұр-Сұлтан қаласы медициналық сақ­тандыру жарналары – аударым­дары бойынша Ал­ма­ты қаласынан (20,8%) кейін екінші орында келеді, ал үшін­ші орында – Қарағанды облысы (8,2%) тұр.

«Медициналық сақтан­дыру қорына жарна аударуда елордалық жұмыс беруші­­лер белсенді атсалысуда. Яғни, ме­дициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының қомақты бөлігі – 1,105 млрд теңге (99,67%) дәл осы жұмыс берушілерге тиесілі, ал 3,7 млн теңге (0,33%) – жеке кәсіпкер­лер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтардан түскен жарналар», дейді «Әлеумет­тік меди­циналық сақтан­дыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы­ның директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Әлеуметтік медицина­лық сақ­тандыру қоры Ұлттық банкпен сенімгерлік басқару ту­ралы келісімшарт жасасқан. Со­ған сәйкес міндетті әлеумет­тік меди­ци­налық сақтан­дыру жарна­лары, яғни жинақ­тал­ған қаржы Ұлттық банкте сақталады. 

2020 жылдан бастап бұл қаражат Міндетті әлеумет­тік медициналық сақтан­дыру пакеті шеңберіндегі қыз­меттер ақысын төлеуге жұм­салады.

Рауан ҚАЙДАР,
«Egemen Qazaqstan»