Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Қостанайда кәсіпқой боксшыға адам өлтірді деген айып тағылды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше NBA Americas (Ұлттық бокс қауымдастығы) өңірлік титулын жеңіп алған қостанайлық боксшы Аслан Мұқанов адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ол облыс орталығының іргесінде орналасқан Қостанай ауданындағы Алтын дала ауылында тұратын 32 жастағы туысын пышақтап өлтірген. Марқұм болған адамның әйелі полицияға хабарлағаннан кейін, ізін суытпай қылмыскер ұсталды. Ол оқиға орнынан ізін жасырып үлгерген болатын.

Қостанайда кәсіпқой боксшыға адам өлтірді деген айып тағылды

Жедел іздестіру тобы құрылып, оны аудан прокуроры Ринат Кәрімов басқарып, іске кіріседі.  Жедел топ құрамындағы жергілікті полиция бастығы Серік Рақышев пен учаскелік полиция инспекторы Батыр Ысқақов қылмыскердің Заречный поселкесіне қарай кеткеніні туралы апарат алады. Ақпаратты дереу  сондағы «Заречный» шаруа қожалығының  күзетшісі Евгений Радюкке хабарлайды, ол бұл кезде алқапта жүрген болатын.  Радюк алқапта жүрісі суыт бір адамның кетіп бара жатқанын жергілікті учаскелік полицияға  айтады, олар дереу ізіне түседі. 

«Маған жедел топты күту туралы ескертті, күдікті қарсылық көрсетуі, зақымдауы мүмкіндігі айтылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні менің көзімше ұстады, бірақ кез келген жағдайда мен көмекке дайын болатынмын. Полиция өте кәсіби жұмыс істеді» дейді Евгений.

Күдікті Аслан Мұқанов соңғы бір жарым жылда Колумбияда жаттыққан. Және өзінің барлық жекпе-жегін Колумбияда өткізген. Туған жерде оны  осындай қылмысқа барады деп ешкім ойламаған.


Қостанай