Бәсекелестік сыры неде?
Сейсенбі, 26 ақпан 2013 7:17
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2050 Стратегиясы» Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жаһандық дамудың қатерлеріне қарсы жауабы болмақ дей келіп, осы стратегияның жеті басым бағыттарына тоқталып, өзінің көзқарасын, әлем дамуының келешегі мен күрделі жақтарына мән береді. Соның бірі – жаңа әлеуметтік саясаттың негізі. Бір жағынан, мемлекеттің әлеуметтік кепілдігі болса, екінші жағынан, әрбір қазақстандықтың өзіне деген жауапкершілігі, кәсіпкерлердің, ұйымдардың, өнеркәсіптің, барлық қызмет көрсету мекемелерінің мемлекет заңына сүйене отырып нарық талабына сәйкес әлеуметтік жаңғырту міндеттерін дұрыс атқаруы болып табылатындығы айтылған. Бұл мақсатқа жету жолында Қазақстан әртүрлі жаңа қадамдармен өз жолын таңдай білмек.
Сейсенбі, 26 ақпан 2013 7:17
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2050 Стратегиясы» Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жаһандық дамудың қатерлеріне қарсы жауабы болмақ дей келіп, осы стратегияның жеті басым бағыттарына тоқталып, өзінің көзқарасын, әлем дамуының келешегі мен күрделі жақтарына мән береді. Соның бірі – жаңа әлеуметтік саясаттың негізі. Бір жағынан, мемлекеттің әлеуметтік кепілдігі болса, екінші жағынан, әрбір қазақстандықтың өзіне деген жауапкершілігі, кәсіпкерлердің, ұйымдардың, өнеркәсіптің, барлық қызмет көрсету мекемелерінің мемлекет заңына сүйене отырып нарық талабына сәйкес әлеуметтік жаңғырту міндеттерін дұрыс атқаруы болып табылатындығы айтылған. Бұл мақсатқа жету жолында Қазақстан әртүрлі жаңа қадамдармен өз жолын таңдай білмек.
Жаңа нарық экономикасының дамуына әсер ететін жетістіктің бірі – адал бәсекелестік. Нарық экономикасында ұқсас өнім шығаратын, әртүрлі қызмет көрсететін кез келген шаруашылық жүйесі жеке ісін, қызметін өзінше жүргізе отырып, экономикалық тиімділігін басқадан арттыра, сұранысқа ұсынысты сәйкестендіре, өнімнің сапасын көтеріп, бағасын төмендетсе сонда ғана басқалармен адал бәсекелестік туындайды.
Тұтынушы, әлбетте, бағасы төмен, сапасы жоғары өнімге ұмтылады. Бүгінгі күнде қоғамда баға өсіру әдеттері орын алып бара жатқан сияқты. Бұл қате ұғым әрі нарық экономикасын дамытуға кедергі болмақ.
Бағаның дұрыс қалыптасуы әр саланың ұсынысы мен сұранысының сәйкес дамуы, халықтың ақшалай табыстарының деңгейіне сәйкес келуіне байланысты. Бағаның өлшемсіз өсуінің бір себебі – көптеген өндірістен тыс және қызмет көрсетуге кеткен шығындар.
Баға қай уақытта өсуі керек? Егер сұранысқа сай, еш жерде болмаған бір жаңа өнім өндірілсе, сол өнімнің бағасы өсуі мүмкін. Әрі шетелден әртүрлі жолмен келіп жатқан тауарлардың бағасын тура айқындау қиынға соғады және олардың өзіндік құнынан жоғары болуы мүмкін.
Осының бәрі қағаз ақшаның құнсызсыздануына әкеліп соғады. Экономиканың даму күші – өндірісте. Тек өндіріс саласында ғана қосымша табысқа қол жеткізуге болады. Егер әлеуметтік салаға күнделікті тұрмысқа керекті заттардан бастап ғарышқа дейін керек өнімді өзімізде өндірсек, ішкі өнім төмен бағамен өз тұтынушыларымызды қамтамасыз етіп, артығын басқа елге дүниежүзілік биржа бағасымен сатуға бетбұрыс жасаған жағдайда экономикамыз тұрақты дамып, әл-ауқатымыз жоғарылап, жақсарады. Таза қызмет көрсету жүйесінде қосымша табыс пайда болмайды. Бұл жерде қосымша табыс пайда болады, егер ол өндіріспен өзара байланыста болса.
Жылу қуаты бағасының көтерілуіне де осы жүйенің өз ішінен құрылған алыпсатар мекемелердің көбеюі, қызмет көрсету жүйесінің реттелмегені, өзіне тән өндіріс саласының бәсең дамуы себепкер болып отыр. Бұл салада бәсекелестік жоқтың қасы. Сол сияқты бүгінгі зейнетақы қорларының арасында да бәсекелестік бар деуге болмайды. Әу баста бір қор болып құрылған зейнетақы қорына (1999 жылдың ІІ-жартысында) заңнамаға сәйкес еңбекақының 10 пайызы жиналған болатын. Кейіннен 10 жеке мекеме өз зейнетақы қорларын құрып, еңбек етуші халықтың сол 10 пайыз жарнасын 11 қор өзара бөліске салды. Жеке зейнетақы қорларының экономикалық тиімділігі жөнінде айтылғанымен, соңғы 12 айдың қорытындыларына қарағанда, зейнетақы қорларының пайдасы 1,75 %-ға өсіп, ал құнсыздануының 6 пайыз болғандығы жөнінде мәлімет бар.
Егер жеке еңбекақы қорлары еңбекақының 10 пайызын емес, 8 пайызын жинап қордың экономикалық тиімділігін арттыра отырып, әр адамға зейнетақыға 10 пайыз жинағандардан артық сыйақы төлейтін болса, онда олар бәсекелестікте алда болар еді де, көп адамдар сол қорға ұмтылар еді. Міне, бәсекелестік негізі осында.
Нарық экономикасының сан саласының жүйелі дамуына, адал бәсекелестік құруға бірден-бір себепкер маркетинг қызметі. Алайда, қазіргі жағдайда біздің қоғамда маркетинг қызметі жүйесі дамымай отыр. Әр салада белгілі бар тауарды өндіру, әртүрлі қызмет көрсету көлемінің нарық экономикасының қажеттілігіне сәйкестігін зерттеу дәл ақпаратты дер кезінде жинауға, әлемдік нарық қатынастарын бағалауға және тартуға, бәсекелестің көрсеткішін анықтауға қызмет көрсететін дәл осы маркетинг қызметі болып табылады.
Қазақстанның бүгінгі күнге сай келешегін көздеген өндіріс жүйесінің, қызмет көрсету саласының өздеріне тән істерінің көрсеткіш өлшемі ғылыми тұрғыдан зерттеліп әзірленбеген. Мысалға, бір затты өндіру үшін, не қызмет көрсету үшін, оған қанша шикізат, қанша адам күші, қанша жылу, тағы-тағысы дегендей, әрқайсысына кеткен шығындар есептеле келе бағасы қанша болатыны анықталады. Одан кейін сұранысқа сәйкес, жаңа тауарға тиісті өзгерістер ескеріліп, толықтырылып отырады. Маркетинг қызметінде де осы өлшемдерге сүйене отырып әр салаға керекті жабдықтар мен қаржы көлемін ғылыми түрде анықтауға болады. Егер әр саланың іс-әрекеті, өндіріс қуаты есепте болса, онда әр адам өз ісіне жауаппен қараған болар еді. Одан кейін бірімен бірі адал бәсекелестікке түсіп өнімдерін өндірер еді. Әр мекеменің өндірістік қызмет жүйесінің өлшемін әзерлеу ісі бүгінгі күннің басты мәселесі. Сондықтан, қазіргі таңда заманауи маркетингтік қызметке маңыз беру күн тәртібінде бірінші кезекте тұруы тиіс.
Зеннат ЕРҒОЖИНА,
экономика ғылымдарының кандидаты,
доцент.