Руханият • 14 Шілде, 2019

Абай өлеңдерін оқу эстафетасы Еуразия кеңістігіне кең тарап жатыр

788 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасының географиясы кеңіп, Еуразия кеңістігінде кең тарап жатыр. Мәселен, әзербайжандық танымал журналист Аида Эйвазова ханым бұл эстафетаны қабыл алып, ары қарай Қырым, Саха еліне жолдады. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.

Абай өлеңдерін оқу эстафетасы Еуразия кеңістігіне кең тарап жатыр

«Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасын #TWESCO президенті Darhan Qydyráli мырзадan қабылдап алдым. Енді эстафетаны Саха елінің ақын қызы Наталья Харлампьеваға, қырымдық Зера Бекироваға және өзіміздің Ekber Qoşalı-ға жолдаймын. Ұлы Абайдың 175 жылдығы кұтты болсын!!!» делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі белгілі манасшы, қырғызстандық Рысбай Исаковқа, әзербайжандық танымал журналист Аида Эйвазоваға, Еуразия жазушылар одағының төрағасы, түркиялық Yakup Ömeroğlu және белгілі абайтанушы ғалым Garifolla Yessim мырзаларға жолдаған болатын. 

Аида Эйвазовадан бөлек бұл эстафетаға түркиялық Yakup Ömeroğlu да үн қатты. Еуразия жазушылар одағының төрағасы Якуб Өмероғлу өз парақшасында Абайдың өлеңін оқыған видеосын жариялады. 

«Түркі академиясының президенті, құрметті профессор Дархан Қыдырәлі қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны жолдады. Мен де Татарстанның халық жазушысы Ркаил Зайдуллаға, Ирактың "Бауырластық" журналының бас редакторы, профессор, доктор Мехмет Өмір Казанджыге және Памуккале Университетінің факультет деканы, профессор, доктор Нергіс Бірайға эстафетамды жолдаймын» деп жазды ол өз постында.