Бокс • 14 Шілде, 2019

Геннадий Головкин – ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Forbes журналы 2019 жылы ең көп қаржы төленген спортшылардың тізімін жариялады деп хабарлайды кәсіпқой бокс жаңалықтар порталының Instagram-дағы парақшасы.

Геннадий Головкин – ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы

Тізімге қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин енген. 

«GGG-дің биыл тапқан жалпы табысы 25,5 млн доллардан асып үлгерді. Оның 23,5 млн доллары - Роллспен айқасы үшін гонорар, ал 2 млн доллар - демеушілік келісімшарттардан түскен. Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды» делінген жазбада. 

Еске сала кетсек, канадалық боксшы Стив Роллспен кездесу Головкин үшін Dazn алаңындағы алғашқы айқас болды. Dazn-мен келісімшарт аясында 100 млн долларға бағаланған тағы бес кездесу жоспарланып отыр.