Тағайындау • 15 Шілде, 2019

Бауыржан Сартбаев «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Директорлар кеңесінің шешімімен Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Бауыржан Сартбаев «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Б. Сартбаев 1966 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінде және КИМЭП университетінде білім алған.

2000–2002 жж.  Қаржы министрлігінің «Оңалту қоры» РМК заң басқармасының бастығы болды. 

2000–2002 жж. — Білім министрлігінің «Қаржы орталығы» ММ директорының орынбасары. 

2003–2006 жж. — «Қазастықтранс» еншілес компаниясының басқарма төрағасы.

2006–2007 жж. — Ұлыбританиядағы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ өкілдігінің директоры.

2008–2012 жж. — «Номад» ЖШС директорының орынбасары.

2012–2013 жж. — «Сарыарқа» кешенді даму орталығы» мемлекеттік қоры директорының орынбасары.

2013–2015 жж. — ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары. 

2015-2018 жж. - ҚР ПІБ РМК директоры. 

2018-2019 жж. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы  Сауда өкілі лауазымында болды.