Осыдан бірер ай бұрын әлеуметтік желілерде тосындау бейнежазба жарияланып, жұрт арасында түрлі пікір туындаған болатын. Иә, Түркістанда басталып жатқан құрылыстың іргетастық қазу жұмыстары кезінде адамның сүйектері табылған.

Бүгінде Түркістан қаласының шеткі аумағында салынып жатқан нысандармен қатар «Рухани-мәдени орталықта» да жұмыс қызу. Бұл орталық Қ.А.Ясауи кесенесі маңын қамтиды. Ол маңайдағы тұрғын үйлер және басқа да нысандар орналасқан жерлер заң шеңберінде мемлекеттің мұқтаждығына алынған-ды. Яғни 98 гектарды қамтитын қажетті жерді дайындау мақсатында мемлекеттің мұқтаждығы үшін 167 нысанды (13 кәсіпкерлік, 154 тұрғын үй) қайтару жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлер бұзылып, орнына жаңа нысандар салына бастады. «Астанагенплан» ЖШС-нің «Түркістангенплан» өкілдігінің басшысы Еркін Жүсіптің айтуынша, жаңа салынатын нысандардың орнын дайындау кезінде адам сүйектері табылған. Терең қазылған жерлерден шыққан сүйектер бойынша археологтар жұмыс істеуде екен. Яғни жылдар, бәлкім ғасырлар бойы жатқан сүйек тереңдете қазу нәтижесінде шығып отыр.
Шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі өз еңбектерінде мұсылман Шығыс халықтарының әдетінде егер қайтыс болған кісі әулиенің қасына жерленетін болса, онда ол о дүниеде Алла тағала тарапына жақын бола алады деген сенім-наным кең етек алғанын жазады. «Ал, Қожа Ахмет қасиетті деп саналғандықтан да осы ғасырдың басына дейін өз жақындарын осында жерлеуге құштар болғандар көп болған. Бірақ олардың ішінде тек дәулетті, тұрмысты кісілер ғана өз ойларын жүзеге асыра алған. Ол үшін кесененің шырақшы шайқыларына дүние береді. Ал тіпті түн ішінде жасырын көміп, ізін де білдірмей кететін жайттар да кездескен», – дейді шығыстанушы «Қожа Ахмет Ясауи, Ақсақ Темір және Түркістан мәдениеті» атты еңбегінде. Яғни құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында адам сүйектері табылуының бір себебі де осында жатыр.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында профессор, тарихшы Хазіретәлі Тұрсын кесененің төңірегіндегі сүйектердің шығу себептерін бірнеше дерекпен байланыстырады. Түркістандағы ескі қалашықтың орны 2500 жылдық мәдени қатпардан тұрады. Осы бір өткен ғасырларда түрлі оқиғалар орын алғаны ақиқат. Киелі көне шаһардағы шайқастарда қаза тапқандардың жерленуі де әрқилы болған. Қ.А.Ясауи кесенесінің төңірегінде қазақтың игі жақсыларының киелі орындарда жерленуі, қазақ хандығынан 500-600 жыл бұрын басталған. «Біріншіден, қазба және құрылыс жұмыстары кезінде табылып жатқан қабірлер белгілі бір игі жақсылар мен тарихи тұлғалардікі болуы мүмкін. Ондай жағдайда мәйіт аруланып көмілген. Екінші жағдайда кесененің төңірегінде Рабат, Шахристан секілді үлкен қорғандар болған. Мәселен, Әмір Темірдің кезінде де шайқастар орын алған. Тарихшылар ең соңғысы Түркістан қаласының полковник Веревкиннің отрядынан қорғану кезеңін келтіруде. Осы шайқаста төңіректе орлар қазылған. Қаншама адам атылған. Бүгінде сүйектердің шығуы, көз жұмған адамдардың арнайы жерленбей бетін жаба салуынан дейді мамандар. Ал үшінші дерек бойынша, ХVIII- XIX ғасырлардағы және 1931-1932 жылдардағы ашаршылықта кесене төңірегінде өлген адамдар сыртқа шығарылып арнайы қорымға көмілген», – деді Хазіретәлі Тұрсын.
Баспасөз мәслихатына қатысқан ҚМДБ қызметкерлерінің мәлімдеуінше, табылған мәйіттер рәсім бойынша қайта жерленеді. «Шариғат бойынша қабірстанның ішіне қойылған ең соңғы адамның бейітіне 40 жыл өткеннен кейін, мазарат сүріліп тасталып, орнына құрылыс жұмыстарын жүргізуге болады. Ал егер, басталып кеткен құрылыс аймақтарында атқарылатын қазба жұмыстарында адам сүйектері табылып жатса, ол сүйектер ақ матаға оралып басқа жерге көміледі», – дейді Түркістан қаласының бас имамы Жүсіпбек Айдарбекұлы.
Түркістан облысы
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Бүгін, 22:37
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Бүгін, 21:23
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 20:40
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ташкентте коронавирус жұқтырғандарды емдейтін орталықтар қайта ашыла бастады
Әлем • Бүгін, 18:46
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:39
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:33
Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:38
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:31
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар