Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Алматыда қойма өртеніп жатыр

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Жетісу ауданында қойма өртеніп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алматыда қойма өртеніп жатыр

«18 шілде күні 07:45-те Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекенжайында орналасқан қойма өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер сол жерде, қосымша күштер тартылып жатыр. Толық ақпарат кейінірек хабарланады», деді Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге 43 өрт сөндіруші және 15 техника жұмылдырылған.