Аймақтар • 18 Шілде, 2019

IKOMEK109 қалалық орталығы жобалық басқаруда халықаралық деңгейге шықты

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IKOMEK109 Қалалық мониторинг орталығы мен оның қызметкерлері IPMA(International Project Management Association) жобаларын басқарудың халықаралық үлгісі бойынша Халықаралық сертификаттаудан өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.

IKOMEK109 қалалық орталығы жобалық басқаруда халықаралық деңгейге шықты

iKOMEK109 IPMA Delta стандарттары бойынша сертификаттаудан өткен әлемдегі 25-ші ұйым болды.

Жобалық басқарудың құзыреттілік класын халықаралық бағалау және IPMA Delta моделі бойынша ұйымды сертификаттау - бұл халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерге сәйкес жобаларды басқаруды жүзеге асырудың нақты табыстылығы мен әлеуетті қабілетін тәуелсіз бағалау. 

Бағалауды IPMA Delta халықаралық асессорлар тобының жетекшісі Сергей Бушуев (Украина) және IPMA Delta асессоры Светлана Мурзабекова (Қазақстан) жүргізді. Сондай-ақ, бағалауға қосымша-асессор және ұйымдастыру менеджері Майра Хусаинова мен Рахматулло Сайдуллаев (Қазақстан) қатысты.

Ikomek109 орталығының бағалау нәтижесі бойынша асессорлар жылдам нәтижелердің бар-жоғын, коммуникацияның тиімді жүйесін, үздік әлемдік тәжірибелерді тасымалдау жылдамдығын және ұйымның көзқарасы мен стратегиялық дамуының бар-жоғын атап өтті.