Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Елордада фрилансерлердің жазғы мектебі ашылады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-29 шілде аралығында Астанада ерекше мұқтаж адамдарға арналған фрилансерлердің жазғы мектебі жұмыс істейтін болады. Жобаға қатысу үшін тіркелу 20 шілдеде аяқталады деп хабарлайды қалалық әкімдіктің сайты.

Елордада фрилансерлердің жазғы мектебі ашылады

Фрилансерлер мектебінің жұмысы қашықтықтан негізде жұмыс орнында жеке қатысуды талап етпейтін белгілі бір қызмет түрлерін көрсете алатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуетін тартуға, сондай-ақ олардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған. 

Бағдарлама теориялық лекцияларды да, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кешенді жылжыту, аудиовизуалды материалдарды монтаждау негіздері бойынша нақты тапсырмаларды талдай отырып, практикалық сабақтарды да, сондай-ақ ақпараттық жобаларды сүйемелдеудің тиімді PR-құралдарын қолдануды қамтиды.  

Сабақтарды Карина Сеилова, Яков Федоров, Ұлан Әбішев, Рахим Қазкешев және Мира Билялова сияқты танымал жаттықтырушы-тәжірибелері өткізетін болады.  

Мектеп «Park inn» by Radisson қонақ үйінде Сарыарқа даңғылы, 8а мекен-жайы бойынша сағат 10-нан 14.00-ге дейін кофе-брейк үзілісімен жұмыс істейтін болады. 


Жобаны «Қазақстан Даму Ассоциациясы» ЗТБ іске асыруда. Кіру тегін. 

Сұрақтарды +7-702-302-77-37 телефон нөмірі арқылы қоюға болады


Соңғы жаңалықтар