Аймақтар • 18 Шілде, 2019

500-ден аса астаналық тұрғын TazaQazaqstan акциясын қолдады

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірге 20 шілдеде Нұр-Сұлтанға жақын маңдағы Қоянды су қоймасының жағасын тазарту жұмыстарына қатысады.

500-ден аса астаналық тұрғын TazaQazaqstan акциясын қолдады

Мәліметтерге сүйенсек, 500-ден аса адам сенбілікке қатысатынын хабарлады. Олардың арасында ҮЕҰ, түрлі қоғамдық бірлестік өкілдері, қоғам белсенділері, журналистер, сондай-ақ Қазақстанның үкімет мүшелері бар. 

Айта кетейік, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Твиттерде #Birge #TazaQazaqstan акциясы басталғанын жариялап, барлық азаматтарды, қоғамдық бірлестік өкілдерін, министрлер кабинеті мүшелерін сенбілікке шақырған болатын. 

Қатысам деушілерді 20 шілде күні, сағат 8:00-де, Триатлон паркте күтеміз. 

Триатлон-парктің автотұрағынан (кіру Б.Момышұлы мен Р.Қошқарбаев көшелерінің қиылысы жақтан) экологиялық сенбілік өткізілетін жерге автобус шығарылады. Қажетті барлық жұмыс құралы сенбілік басында үлестіріледі.