Аймақтар • 19 Шілде, 2019

«Jastar kerýeni» жолға шығады

167 реткөрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында «Jastar kerýeni» жобасының тұсау­ке­сері өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қол­дауы­мен Жастар жылына орай отандық туризмді дамыту мақ­сатында қолға алынған жобаны Қазақстан жастар конгресі жүзеге асырмақ.

Туристік керуенге жастар 22 шілдеге дейін жалғасатын кон­курс арқылы қатыса алады. Ірік­теуден өткен белсенділер еліміз­дің 7 өңіріндегі туристік орындар мен киелі жерлерді аралап, өз әсерлерін әлеуметтік желілер арқылы бөліседі. Сондай-ақ олар осы жерлердің туристік әлеу­е­тін арттыруға арналған ұсы­­ныс­тарын да айтатын болады.

«Қазірге дейін 1000-нан ас­там ұсыныс түсті. Өтініш біл­ді­рушілердің саны 2000-ға жетеді деп күтудеміз. Нәтижесі 25 шілдеде жарияланады. Іріктеуден өткен жастар 12 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен слет өткізіп, 13 тамызда 7 бағыт бойынша жолға шығады. Олар 4 күн бойы Ақмола, Ал­ма­ты, Қарағанды, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қала­лар­ындағы туристік нысандар мен киелі орындарды аралап, өз ойларын әлеуметтік желілерде жариялайды. Сапар соңында жастардың еліміздің туризм инфрақұрылымын шешуге арналған  ұсыныстарын жинақтап тиісті мемлекеттік органдарға жолдаймыз», дейді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен тұсаукесерде сөз алған Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Жастармен бірге танымал блогерлер, вайнерлер және актерлер де саяхат жасайды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Баймановтың айтуынша, Жастар жылында 89 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. «Jastar kerýeni» – соның ішіндегі ең ірілерінің бірі. «Бұл жоба арқылы туған өлкеміздің тарихын танытып, көрікті жерлерін көрсете аламыз. Сондай-ақ жұртшылыққа біз біле бермейтін жерлерді насихаттауға мүмкіндік тумақ», дейді Шахмардан Байманов.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар